Қауіпсіз қоғам құру — ортақ жауапкершілік

Отбасында және қоғамда орын алатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша ақпараттандыру жұмыстарын күшейту мақсатында полиция қызметкерлері бірқатар іс-шараларды атқаруда.

Осы бағытта Қазығұрт аудандық полиция бөлімі Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы Ербол Тұрсынбай аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол тұрмыстық және жалпы қоғамдағы зорлық-зомбылық фактілерін дер кезінде анықтап, алдын алудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ әрбір азаматты зорлық-зомбылыққа жол бермеуге, күресуге және құқық қорғау органдарына жедел хабарлауға шақырды. «Зорлық-зомбылықсыз қоғам – бұл жай ғана ұран емес, қол жеткізуге болатын нақты мақсат. Әрқайсымыз әрекет етсек, оны бірге орната аламыз», – деді полиция қызметкері.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Отбасы құндылықтары насихатталды

Бәйдібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылғы 4 қазандағы №936 хатына сәйкес «Шаян»мектеп-лицей» КММ-де 06.10.2025ж…