Жәбірлеуге жол берілмейді

Түркістан обылысының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшесі Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық — зомбылық профилактикасы туралы» Заңы және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес қызмет атқарады.

Түркістан облысының Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округтен тұрмыстық зорлық-зомбылық бөлімшесіне түрлі өтініштер қабылданып жатады. Сондай-ақ жәбір көрген және жәбір көрсетуші азаматтар мен азаматшалардың мекен-жайларына әр апта сайын барып жағдайларын бағдарлау барысында жұмыстар атқарылуда.

Ауданда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жасөспірімдерге тұрақты түрде рейд жұмыстары жүргізіледі.     Тұрмыстық зорлық-зомбылық бөлімшесі жайсыз отбасыларды аралап психологиялық және құқықтық кеңестер беріледі. Аудан бойынша жұмыс жоспарына сәйкес тоқсан сайын 12 ауылдық округтерге қарасты мектептерде және ауыл тұрғындарымен зорлық-зомбылықтың алдын алу барысында, түсіндірме жиналыстар өткізіледі.

Сауран ауданы бойынша қорғау нұсқамасына алынған отбасылармен жұмыс жасалып, психологиялық сүйемелдеу, құқықтық қызметтері көрсетілуде.

Халық көп шоғырланған орындарда (сауда орындарында)  түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, 200-ден астам брошюралар таратылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің тапсырмасына орай  ауылдық округтер бойынша жергілікті атқарушы органдарға аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында, сыртқы жарнамада, қоғамдық көлікте, білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтауда, тұрғын үйлердің кіреберістерінде, білім беру ұйымдарының ақпараттық ресурстарында, жоғары және орта арнаулы оқу орындарына «111»  байланыс орталығының қызметі туралы ақпараттар ілініп, таратылған. Осы орайда жұмыстар әрі қарай жалғасын табуда.

Сондай-ақ, Сауран ауданы бойынша «Ерте жүктілік, өз-өзіне қол жұмсау (аутоагрессия), аутодеструктивті мінез құлық, отбасындағы зорлық-зомбылық» тақырыбы бойынша түсіндіру және күресудегі психологиялық іс-шараға  ауыл округтеріне аралап ауыл тұрғындарымен түсіндірме жұмыстар жүргізіліп кездесулер өткізілді.

Былтырғы жылы аудан бойынша оның ішінде;

Жаңа Иқан ауылдық округі-3;

Ескі Иқан ауылдық округі-3;

Шаға ауылдық округі-1 ерте жүктілікпен тіркелген, бір ақ бұл жағдайлардың бәрінде ата-анасының келісімімен тұрмысқа шыққан.

Ауданда өз-өзіне қол жұмсау (суицид) бойынша тіркелгендер мәліметі:

Шорнақ ауылдық округі-2 (1 аяқталмаған, 1 аяқталған);

Ескі Иқан ауылдық округі-4 (4 аяқталмаған);

Еңбекші Дихан ауылы-1 (1 аяқталған);

Шаға ауылдық округі-3 (3 аяқталмаған);

Майдантал ауылдық округі-1 (1 аяқталған);

Қарашық ауылдық округі-1 (1 аяқталған);

Жібек Жолы ауылдық округі-1 (1 аяқталған).

Жалпы: аяқталғандар – 5, аяқталмағандар – 8.

Аудандық «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің тұрмыстық зорлық-зомбылық бөлімшесінің және Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің  ұйымдастыруымен  зорлық-зомбылықтың алдын алу  мақсатында «зорлық-зомбылыққа жол жоқ» апталығы  өткен. Іс-шара барысында жастарға тренингтер, флешмоб, зорлық-зомбылыққа қарсы кинокөрсетілім, марафон ұйымдастырылған.

Апталықтың басты  мақсаты — жастардың салауатты өмір салтына, отбасының амандығы мен бақытына деген құнды қарым-қатынасын қалыптастыруға ықпал ету, отбасылардағы тұрмыстық  зорлық-зомбылық пен кемсітушілік мәселелерінің алдын алу және балалардың құқығын қорғау.

Homepage

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Олар жаңа өмірге қадам басты

Түркістан облыстық Психикалық денсаулық орталығындағы кешенді емдеу арқылы тәуелділіктен арылған науқастар арасында оң нәтиже көп. Орталықтағы 16 психотерапия…