Түркістандықтар Қытайдағы жәрмеңкеге қатысып жатыр

Қытайдағы Гуанчжоу халықаралық конгресс-көрме орталығында 138-ші Кантон жәрмеңкесі басталды. Көрме залы 1,55 млн шаршы метрлік алаңда орналасып, мұнда жалпы саны 25 мың экспонент өз өнімін таныстырады.
Халықаралық жәрмеңкеге облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков бастаған Түркістандық делегация да қатысып, ондағы инновациялық өнімдермен танысуда.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кантон импорт және экспорт жәрмеңкесі Қытайдағы ең үлкен сауда түрі болып, аталған жүйе 1957 жылдан бері жалғасып келеді. Бұл шамамен 200 ел мен аймақтан 200 000-нан астам шетелдік сатып алушыларды тартатын жаһандық сауда үшін маңызды оқиға.
Технология жаңалықтары, цифрлық жүйе, қайта өңдеу саласындағы жетістіктер ұсынылатын алып жәрмеңке жаһандық сатып алушыларға 4-қарашаға дейін қызмет көрсетеді. Кантон жәрмеңкесі әлемнің 200-ден астам елінен келетін сатып алушылар мен сатушылар үшін тиімді бизнес алаңы болып табылады. Мұнда мыңдаған қытайлық және халықаралық компаниялар өз өнімдерін ұсынып, жаңа серіктестермен байланыс орнатады.
Сауда көрмесі халықаралық нарыққа шығуды көздейтін кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаһандық іскерлік байланыстар мен инновациялық өнімдердің тоғысатын орнына айналған, — дейді ұйымдастырушылар.
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жуырда Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық терроризмге қарсы…