«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясындағы партияның «Таза бейсенбі» іс-шарасы Бәйдібек ауданында кең көлемде ұйымдастырылды. Бұл игі іс-шара Байдібек ата ауылындағы Байдібек ата кесенесі мен Қос ана кесенесінің аралығында өтті.
Ел азаматтарын туған жердің тазалығына, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үндеуге бағытталған шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Нұрпейіс Ақбаев, партияның Бәйдібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуанышбек Қансейітов, аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенді еріктілері, Алмалы ауылдық округіндегі бірқатар мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар кесенелердің айналасын, жол жиегін және қоғамдық аумақтарды күл-қоқыстан тазалап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Полат Мұратұлы бұл бастаманың мәні мен маңызына тоқталып, барша игі іске жұмылған қатысушыларға алғыс білдірді.
«Бүгінгі «Таза бейсенбі» акциясы – тек тазалық шарасы емес, бұл – қоғамның экологиялық мәдениетін көтеруге бағытталған ортақ жауапкершілік. Туған жердің әр бұрышы таза, көрікті болса бұл әр азаматтың еңбегінің нәтижесі. «AMANAT» партиясы экологиялық жобаларға әрдайым басымдық беріп келеді. Осындай іс-шаралар арқылы жастарды табиғатты аялауға, елге жанашыр болуға тәрбиелеуді көздеп отырмыз», – деді ол.
Сондай-ақ шара соңында қатысушылар табиғатты қорғау, туған өлкенің сұлулығын сақтау барша азаматтың борышы екенін атап өтті. «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылған бұл экологиялық акциялар облыс көлемінде тұрақты түрде жалғасып келеді. Мұндай жұмыстар аймақтың экологиялық жағдайын жақсартып қана қоймай, қоғамда тазалық пен ұқыптылық мәдениетін орнықтыруға үлес қосады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі