«Вандализмге жол жоқ!»

«AMANAT» партиясының «Taza Qazaqstan» road-эстафетасы шеңберідегі «Чемпиодық рух» таңғы жаттығуы Түркістан облысының Сауран ауданы, Шорнақ ауылындағы балалар саябағында өтті. Эстафетаға қатысушы жастар мен жергілікті тұрғындар дене шынықтыру жаттығуларын танымал спортшылармен бірге жасады. Таңғы кездесуге әйелдер арасында жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының екінші орын иегері, қазақстандық рекордшы Ақбілек Құралбай, дзюдодан 60 келі салмақта әлем чемпионы Ернұр Батырғали, жеңіл атлетикадан ұлттық құрама спортшысы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы Абдулазиз Абдулкаюмов және жеңіл атлетикадан спорт шебері Қанат Рысбек қатысты.

Тазалық – жан саулығының сарайы болса, дене шынықтыру жаттығулары – тән саулығының негізі. Таң нұрымен ілесе Шорнақ ауылында өткен жан сергітетін іс-шараға «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» Жастар қанатының жетекшісі Ақерке Искандерова, партияның Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, партияның Сауран аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сағынбек Асылбеков, аудандық мәслихат депутатары, жастар, ауыл тұрғындары қатысты.

«- Ежелгі Жібек жолының бойында орналасқан Сауран ауданы – қайта түлеген қастерлі мекен. Баршамыздың басымызды қосқан Шорнақ ауылы – тарихы бай, өнерлі ұрпақ өсірген, Жібек жолының рухани мұрасын сақтаған қасиетті жер. Бұл аймақ бүгінде көрікті мекенге айналып отыр, қоғаммен үндесе рухани түлеп жатыр. Сауран дербес әкімшілік аумақтық бірлік болып құрылды, Шорнақ ауылының мәртебесі өсіп, аудан орталығына айналды. Мұнда елдің бірлігін арттыратын, ортақ мақсатқа ұйыстыратын бастамалар іске асып, көне Сауран қайта жаңғырды. Жастардың бүгінгі бастамасы да осы аймақтың тарихында мәңгілікке жазылады. Тазалық тек қана айналаны таза ұстау емес, ол ой тазалығын, әрекет адалдығын білдіреді. Тамыры тереңге бойлаған аймақтан елге абыройлы азаматтар өсіп, өне берсін», — деді Қалыйма Жантөреқызы.

Жастарға деген ыстық ықыласын Сауран ауданы әкімінің орынбасары Әлімжан Сихымбай, партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сағынбек Асылбеков те білдіріп, экология мен спортты ұштастырған бұл іс-шара, бірлік пен сергектіктің үлгісін көрсеткенін айтып өтті.

«Чемпиондық рух» жаттығуларында атақты спортшылар жаттығудың техникасы мен тәсілдерін көрсетіп, іс-шараға қатысушылар арасында бір командалық рухтың қалыптасуына ұйытқы болды. Жаттығулар кезінде ер азаматтар қолды жерге тіреп, денені тік көтеру әдістерін орындаса, әйелдер денені тік ұстап отырып-тұру жаттығуларын жасады. Үздік нәтиже көрсеткен ауыл тұрғындары мен жастар ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Road-эстафета әрі қарай көне Сауран қалашығында «Вандализмге жол жоқ!» акциясымен жалғасты. Бұл тарихи ескерткіш Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік мұражай-қорығының құрамына кіреді. Сауран қамал қорғаны ХІІ-XVI ғасырларға тиесілі тарихи мұра саналады. Қалашықтың көлемі солтүстіктен оңтүстікке 850 метр болса, шығыстан батысқа 650 метрді құрайды. Қақпаға арналған екі ойық болатын бекініс қабырғасымен қоршалған. Қалаға солтүстік және шығыс қақпасы арқылы кіруге болады.

Эстафетаға қатысушылар қалашық аумағы мен оған баратын жол жиектерін тазалап, ретке келтірді. Тарихи нысанға келіп жатқан шет елдік туристерге Қазақстанымыз жайлы қызықты деректерді таныстырып, экологиялық эстафетаның игі нәтижелері туралы мағлұмат берді.

«Taza Qazaqstan» road-эстафетасының Түркістан облысына тиесілі бөлігінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы жөнінде «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» Жастар қанатының жетекшісі Ақерке Искандерова мағлұмат берді.

«- Алматы облысынан басталған эстафетамыздың бесінші күнінде Түркістан облысындағы көне тарихи орындардың бірі – Сауран қалашығына келіп, «Вандализмге жол жоқ!» акциясын өткіздік. Түркістан облысы – тарихи ескерткіштерге бай өлке. Эстафетамыздың аясында жол бойындағы тарихи және мәдени мұраларға қамқорлық көрсетілді. Жалпы, Түркістан облысында өткізген екі күн ішінде 40 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Бүгін эстафетаның Түркістан облысындағы кезеңін аяқтап отырмыз. Осы облыстың бес ауданын және Шымкент қаласын жүріп өттік. Осы аймақтағы екі күн ішінде жастармен және тұрғындармен таңғы жаттығу жиындарын, экоакцияларды, «Вандализмге жол жоқ!», «Есірткіге қарсымыз!» бастамаларын іске асырдық. Эстафетаның басты мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру болатын, жол бойын тазартуға қатысқан жастар көліктен қоқыс тастау үрдісі дұрыс емес екенін іс жүзінде көрді және алдағы өмірінде мұндай келеңсіздікке жол бермейміз деген пікірлерін айтуда», — деді республикалық «Жастар рухы» жастар қанатының жетекшісі.

«Taza Qazaqstan» road-эстафетасының қатысушылары әрі қарай Қызылорда облысына өтті. Осы эстафетаның құрамында екі күн бойы тазалық жұмыстарына қатысқан өңір жастары ұйымдастырушы топпен қимастықпен қоштасты. Чемпиондық рухпен, ұйымшылдықпен өткен бұл іс-шара жас буынның жүрегінде табиғатқа деген қамқорлық сезімін мәңгілікке қалдырды деген сенімдеміз.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

ЖОҒАЛҒАН РУХТЫ АҢСАУ

Над страной моей родною, Встала Смерть. Андрей Белый Аяулым! Біз құл болып бара жатқан халықпыз. Алтын Орда ыдырағаннан…