Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде профилактикалық іс-шаралар өткізуде.
Кездесу барысында тәртіп сақшылары оқушыларға құқық бұзушылықтың салдары, интернеттегі алаяқтық әрекеттерден қорғану жолдары және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау жөнінде кеңінен түсіндірме берді.
Сонымен қатар, полицейлер әлеуметтік желілерде жеке ақпаратты жариялау мен бейтаныс адамдармен тілдесудің салдары туралы мысалдар келтіріп, киберқауіпсіздіктің негізгі қағидаларын түсіндірді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі