Полицейлер оқушыларға буллинг, лудомания және нашақорлықтың зияны туралы кеңінен түсіндірді

Бәйдібек ауданының IT мектеп-лицейінің ұстаздары мен 300-ден астам оқушыларының қатысуымен, «Заң және тәртіп» қағидатына сай жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында арнайы іс-шара өткізілді.

Аталған шараға Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрдәлует Ажибеков, аудан ардагерлері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақбаев Оразхан қатысты.

Іс-шара барысында Н.Ажибеков жиынның негізгі мақсатын атап өтіп, оқушыларға буллинг, лудомания, дропперлік және нашақорлықтың зияны туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ аталған мәселелердің алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Қазығұртта рейд жүргізілді

Түркістан облысында полиция құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізуде. Осы орайда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар…
Толығырақ

Полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу шараларын күшейтті

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында тұрғындар арасында кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.…