«Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 8000-ға жуық тұрғын үйді тексерді

Кентау қаласы аумағында «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шара барысында қазірге дейін учаскелік полиция инспекторларымен 1034 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. 8000-ға жуық жер үй мен көпқабатты үйлерге тексеру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар қару иелерін тексеріп, олардың қару сақтау ережелерін бұзғаны үшін 3 әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған іс-шара барысында Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, халық арасында өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ пробация бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, пробация есебінде тұратын 44 тұлғамен сұхбаттасу жұмыстары атқарылды. Кентау қаласы жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен қоғамдық көмекшілері бірлесіп, интернет алаяқтық қылмысының алдын алу мақсатында халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Құқық бұзушылықтың жолын кескен

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша полицейлер 300-ге жуық құқық бұзушылықтың жолын кескен. «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы…

Профилактикалық дәріс оқылды

«Оқушыларға буллинг пен тәуелділіктің зияны туралы профилактикалық дәріс оқылды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. «Қауіпсіз балалық…