ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Ордабасы ауданында «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында полиция қызметкерлері «Жас сақшылар» сыныбымен кездесті.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, буллинг пен интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері талқыланып, оқушыларға есірткіге қарсы бейнеролик көрсетілді.

Полиция полковнигі Нүркен Сарыпбеков жас ұрпақты заңды құрметтеуге, тәртіп пен әділдікті серік етуге шақырды. Ал ардагер полицей Ғалымжан Сыздықов өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, елге адал қызмет етудің маңызын атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Отырар ауданының прокуратурасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 23 қаңтарда интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Интернет алаяқтық…
Толығырақ

Сот шешімінің күшін жойды

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы борышкердің жүргізуші куәлігін қолданылуын тоқтату туралы бірінші сатыдағы сот шешімінің…