XII Республикалық Азаматтық форум

XII Азаматтық форумның алғашқы күнінде инклюзия, экология, цифрлық трансформация және азаматтық белсенділіктің дамуы сияқты маңызды бағыттағы панельдік сессиялар мен пікірталас алаңдары өтті.

Форумға Түркістан облысынан 20 делегат қатысып, аймақтың азаматтық сектордағы жетістіктерін таныстырды.

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы, “Таңдау” сыйлықақы және «Қайырымдылық» саласындағы байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Биыл Түркістан облысының 3 үкіметтік емес ұйымдары келесі номинация бойынша жеңімпаз атанды!

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу» номинациясы

«Жалын жастар ұйымы» ҚБ,

жетекшісі – Керимбеков Құрмет Балқыбекұлы

(Төле би ауданы, Қаратөбе ауылы)

«Қоршаған ортаны қорғау» номинациясы бойынша:

«SULTAN RABAT» ҚБ, жетекшісі – Юсупова Мавлуда Фархадовна

(Төле би ауданы, Киелібас ауылы)

«Киелі Қазығұрт» ҚБ, жетекшісі – Касымбаев Аскар Есимбаевич

(Төле би ауданы, Ақбастау ауылы)

Аймақтық ҮЕҰ-дардың табысы – Түркістан өңіріндегі азаматтық қоғамның белсенді дамуының айғағы!

Форумның екінші күні пленарлық сессиямен жалғасты. Сессия ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның модераторлығында жүргізілді.

Пленарлық отырыста әлеуметтік саясат, азаматтық қоғамның рөлі, жастардың белсенділігі, гендерлік теңдік, цифрлық даму және экологиялық тұрақтылық сынды тақырыптары талқыланды.

Қатысушылар қоғамның тұрақты дамуы үшін ашық диалог пен серіктестіктің маңызын ерекше атап өтті.

Форумға қатысқан Түркістан облысының делегациясы өз өңірінің тәжірибесімен бөлісіп, жаңа серіктестік байланыстар орнатты.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Заң аясындағы кеңестер берілді

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының мобильді көшпелі қоғамдық қабылдауы Сарыағаш ауданында жұмысын жалғастырды. Азаматтарды жеке қабылдау кездесуі Жартытөбе…
Толығырақ

АЗАМАТТАР ӨЗ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖЕТКІЗДІ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев кезекті қоғамдық қабылдау өткізіп,…