ӘДЕП КОДЕКСІН САҚТАУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

«Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Әдеп кодексін сақтау мәселесі бойынша жиын өтті» деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Жиынға облыс әкімі аппараты, облыстық басқармалар мен аудан, қала басшылары мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері қатысты. Күн тәртібінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, мемлекеттік органдардағы ішкі тәртіп, қызметтік этика талаптарының орындалуы және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Облыс әкімі жиында мемлекеттік қызметкердің әдебі мен мінез-құлқы – халықтың билікке деген сенімінің негізі екенін атап өтіп, жауапты тұлғаларға қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларының қатаң сақталуын күшейту бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.

Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Абылайхан Наурызбаев мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына тоқталып, талдау жұмыстары жүргізілгенін айтып өтті.

Отырыста бірқатар мәселелер қаралып, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру, тәртіптік жағдайлардың алдын алу бойынша ұсыныстар айтылды. Жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, бақылауды күшейту бойынша міндеттер жүктелді.

Homepage

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

FIN-IQ – САУАТТЫ БОЛ, САҚ БОЛ!

Азаматтардың қаржылық әл-ауқатын арттыру және борыштық тұрақтылықты қамтамасыз етуде «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыруды қолға алғаны…
Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ «ЗАМАН МЕН МӘДЕНИЕТ ДИАЛОГЫНДАҒЫ ЯСАУИ МҰРАСЫ: ГУМАНИСТІК БАҒЫТ-БАҒДАР МЕН ЗАМАНАУИ СЫН-ҚАТЕРЛЕР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМҒА ҚАТЫСТЫ

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістанда өтіп жатқан «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер»…