Патриотизм — ұлт таңдамайды

«Патриотизм — ұлт таңдамайды, Отанға деген махаббат пен пәрменді іс-әрекетің — сенің азаматтығың. Көпұлтты, толерантты еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтау әр азаматтың парызы. Халықтың Конституциялық құқығының сақталуы, толеранттылығы мен іргесінің мықты болуы жолында әскери қызметілердің еңбегі ұшан теңіз. Халқымызда:»Бұтаққа -су, ұрпаққа — рух бермесең, көгермейді»- деген сөз бар. Мұндайда әскердегі сарбазды рухтандыруда әскери тәрбиешілердің рөлі күшті. Олар тек әскери дағдыларды үйретіп қана қоймай, жастарды елжанды болуға жігерлендіреді» дейді арыстық офицер Кульжанов Фуркат Рустамович.

Ол Қазақстан Қарулы Күштері сапында еңбек ететін офицер. Ұлты өзбек. 2004 жылы Түркістан қаласындағы Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ -Түрк Университетінің Әскери кафедрасында «Тәрбие және Әлеуметтік Жұмыстары» мамандығы бойынша оқуды аяқтайды. Бұл оның бала күнгі арманы, Отанға қызмет етуге деген адал ниеті болатын. Оның алған білімі мен тәжірибесі, кәсіби салада жетістікке жеткізді.

Офицердің еңбек жолы Түркістан қаласы қорғаныс істері жөніндегі бөлімшесінде басталып, әр жылдарда Тараз, Алматы облыстарындағы 12740, 01731 әскери бөлімдерде командирдің тәрбие және идеологиялық жұмыс­тары жөніндегі орын­басары қызметтерін абыроймен атқарды. Қазір Шымкенттегі 35748 әскери бөліміне қарасты Арыс қаласындағы 3 мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары лауазымында әскери қызметі жалғасып жатыр.

Фурхат Кульжанов: – Қоғамда сарбаз тәрбиесі жайлы жаң­сақ пікірлер кездеседі. Көпшілік оны қатаң тәртіппен, тіпті күш қолданумен байла­ныстырады. Бұл – мүлде қате түсінік. Біздің бас­ты міндетіміз – әр сарбаздың бойына отан­сүй­гіштік сезімді сіңіріп, патриот азамат етіп тәрбиелеу. Әскери тәрбиеші ұстаз ғана емес, психолог та болуы тиіс. Сарбаздың көңіл-күйін көзқарасынан-ақ түсіне білу керек. Бұл олардың жауынгерлік рухын кө­теріп, сенімділігін арттыру үшін қажет, – дейді ол.

Қазақ тілінде еркін сөйлейтін Фурхат жары екеуі төрт перзентті тәрбиелеп отырған отбасы. Өз ісіне адалдығы мен еңбекқорлығын танытып, әріптестерінің сеніміне ие болып жүрген офицердің қызметіне деген жауапкершілігі мен Отанға деген сүйіспеншілігі өзгелерге үлгі.

Әскери өмірдің қатаң тәртібіне қарамастан, ел тыныштығы мен ынтымақ-бірлігі жолында аянбай еңбек етіп келеді. Бұл оның шын мәнінде ел қорғаны болуға лайық азамат екенін дәлелдейді.

Жұлдыз Өтегенова

Журналист

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ӘКІМ КОНСУЛМЕН КЕЗДЕСТІ

«Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстанның АҚШ-тың Аризона штатындағы Құрметті консулы Хью Холманмен және танымал триатлон шебері, Ironman…

Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетеді

Түркістан олысы, Сауран ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  «Белсенді…