Сайрам ауданындағы бір ауылға жедел жәрдем бекеті пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңір халқының шұғыл медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру, қызмет сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Сол бастамалардың нақты көрінісі – бүгін есігін айқара ашқан жаңа жедел жәрдем бекеті. Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылында жаңа жедел жәрдем бекеті ашылды.

Ашылу рәсіміне облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев, Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев, жедел жәрдем бекетінің қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.

Аталған нысанға үнемделген қаржы есебінен күрделі жөндеу жүргізіліп, жұмыс толық аяқталды. 17 мыңнан астам тұрғыны бар Қарамұрт ауылына енді тәулігіне 24 сағат қызмет көрсететін 2 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Сонымен қатар ауылға су жаңа 2 жедел жәрдем көлігі табысталды.

Құрылысы 2025 жылдың тамыз айында басталып бүгінде пайдалануға берілген бекетте қазіргі таңда 36 қызметкер жұмыс істейді.

Ашылу барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ауыл халқына жылы лебізін білдірді:

– Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгін заман талабына сай жедел жәрдем бекеті ашылып отыр. Сондай-ақ шұғыл қызметтің тиімділігін күшейту үшін жаңа жедел жәрдем көліктері де берілді. Сіздерге қолайлы және жедел қызмет ету – біздің басты мақсатымыз. Ең бастысы – халықтың саулығы мен амандығы. Ауырмаңыздар, ғұмырларыңыз ұзақ болсын! – деді Асхан Жанұзақұлы.

Сондай-ақ Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев:

«Бұл жаңа бекет – шұғыл медициналық көмектің жеделдігі мен сапасын арттыруға, фельдшерлердің жұмыс жағдайын жақсартуға зор мүмкіндік береді. Нысан құрылысы аяқталған соң тұрғындардың өздері бірігіп аумағын асфальттағаны – ауылдың бірлігі мен ынтымағының белгісі. Ауызбіршіліктеріңіз нығая берсін! Баршаңызға денсаулық, амандық тілеймін!» деді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетеді

Түркістан олысы, Сауран ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  «Белсенді…
Толығырақ

«Гоганың» көзін жойған қазақ

Орыс империясының озбыр саясатынан қаншама асылдарымыздың тағдыры тәлкекке түсіп, итжеккенге айдалып, азап шекті десеңізші. Қара табан халықты ұршықша…