Ел сенімін ақтаған отставкадағы полковник республика күнімен құттықтайды

Ел сенімін ақтаған отставкадағы полковник республика күнімен құттықтайды

Полиция ардагері Әбілсерік Тынысұлы Медетов — өмірін ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікке арнаған азамат.

Отставкадағы полковник Ә.Медетов ішкі істер саласында 1994 жылдан бастап қызмет етіп, Ордабасы полиция бөлімі мен Түркістан қалалық полиция басқармасында түрлі басшылық лауазымдарды абыроймен атқарған. Ал 2017 жылы шекті жасқа толуына байланысты құрметті зейнеткерлікке шыққан.

Қызметтік борышына адал, білікті де жауапты офицер көптеген ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашуға ат салысып, жас қызметкерлерге үлгі бола білді. Еңбегі еленіп, «Ерен еңбегі үшін» ҚР ІІМ-нің І, ІІ, ІІІ дәрежелі наградасы, «Қазақстан полициясына 20 жыл» медалі және «Үздік қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Қазіргі таңда Әбілсерік Тынысұлы 4 қыз, 1 ұлдың қамқор әкесі, 6 немеренің ардақты атасы. Ел қорғаны бола білген полиция ардагері барша қазақстандықтарды «Республика күнімен» құттықтап, халқымызға бейбіт өмір мен бақ-береке тілейді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

«Прокурорлық сүзгі» жобасы

Төлеби ауданы прокуратурасымен «Прокурорлық сүзгі» жобасы және инвесторларды құқықтық сүйемелдеу жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. ​Кезекті кездесуде алдыңғы жиынның…
Толығырақ

Полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу шараларын күшейтті

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында тұрғындар арасында кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.…