Түркістан облысының полицейлері «Жаңа жол» акциясын жалғастыруда

Түлкібас ауданы аумағында «Жаңа жол» атты акция өз жалғасын табуда. Акцияның басты мақсаты – қоғамға қайта оралған азаматтарға жаңа өмір бастауға мүмкіндік беру, оларды әлеуметтік бейімдеу мен жұмыспен қамтуға қолдау көрсету.

Осы тұста Түлкібас аудандық полиция бөлімі пробация қызметімен бірлесе отырып, сотталып шыққан азаматтарды қайта әлеуметтендіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Іс-шара барысында қатысушыларға профилактикалық және түсіндіру әңгімелері өткізіліп, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетілді. Және де мемлекеттік бағдарламалар мен жұмыспен қамту тетіктері түсіндірілді.

Сонымен қатар аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, азаматтарға еңбек нарығындағы бос орындар жөнінде толық ақпарат берілді. Қайта әлеуметтендіру – қылмыстың қайталануын болдырмаудың маңызды тетігі. Әрбір азамат қоғамға қайта қосылып, жаңа өмір бастауға лайық!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Заңмен белгіленген жауаптылық

Ата Заңның 76-бабының 3-тармағы және ҚР Азаматтық процестік кодексінің 21-бабына сәйкес соттардың шешімдері, үкімдері мен өзге қаулылары барлық…