Жас сақшылардың саптық дайындығын полицейлер тексерді

Келес ауданы №44 «Сырдария» жалпы білім беретін мектебінде жас сақшылармен кездесу өтті. Кездесуге аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары С.Отыншиев пен полиция майоры Ш.Рахматилла, сондай-ақ Келес аудандық білім бөлімі өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында жас сақшылардың сапқа тұру деңгейі мен сырт келбеті, нышандары мен киім үлгісі тексеріліп, саптық дайындықтары бағаланды. Сонымен қатар оқушыларға ішкі істер органдары қызметкерлерінің форма кию ережелері мен қызметтік этикасына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жиын соңында жас сақшыларға өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған бейнематериал көрсетіліп, алдағы жоспарлар талқыланды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түлкібас ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ауқымды іс-шара өткізілді

«Түлкібас ауданы полиция бөлімінің Қылмыстық қудалау бөлімі, Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және ювеналдық полиция тобының қызметкерлері Түлкібас…
Толығырақ

Балалар полициямен сұхбаттасты

«Жасөспірімдер полиция бөлімінің басшысымен кездесіп, сұқбат құрды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің хабарлауынша Кентау…
Толығырақ

«Заң мен Тәртіп – қоғам негізі»

Түркістан облысында «Заң мен Тәртіп – қоғам негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты- қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздік…