Түркістан полицейлері “Капитан Байтасов” фильмін тамашалады

Түркістан қаласы Полиция басқармасының жеке құрамы халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған “Капитан Байтасов” көркем фильмін тамашалады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Көрсетілімнің басты мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің патриоттық рухын көтеріп, құқықтық, кәсіби жауапкершілікті арттыру елге адал қызмет етудің маңызын дәріптеу және ерлік пен батырлықтың өнегесін үлгі ету.

Фильмде 2011 жылы Тараз қаласында террорлық әрекет кезінде қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі бейнеленген. Ол өз өмірін тәуекелге тігіп, бейбіт тұрғындардың өмірін сақтап қалды. Батырдың қайсарлығы мен Отан алдындағы адалдығы – бүгінгі тәртіп сақшылары үшін нағыз үлгі.

Осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар полиция қызметкерлерінің рухын нығайтып, қоғам алдындағы борыш пен жауапкершілікті терең сезінуге, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі адал еңбектің мәнін түсінуге жол ашады.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ЖАЛҒАН ЖАҢАЛЫҚПЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

     Жaңалықтар мақалаларының жанры терең журналистік зерттеулерден бастап қарапайым парақшаларға дейін ауқымды кеңістікті құрайды. Әр түрлі типтегі…
Толығырақ

Прокуратура ашық есік күнін өткізді

Қазығұрт ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен пробациялық есепте тұрған сотталғандармен ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – пробациялық бақылауда…