Төлебилік полицейлер республика күнін айрықша құрметпен атап өтті

«25 қазан – Республика күніне орай Төлеби ауданында мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті. Елдік рух пен тәуелсіздіктің символына айналған бұл шараға аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы да белсене қатысты» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Салтанатты шарада мемлекеттік Әнұран шырқалып, көк байрақ асқақ көтерілді. Бұл сәт – елдің бірлігі мен тұтастығын, полиция қызметкерлерінің Отан алдындағы адалдық пен жауапкершілікке деген берік ұстанымын айқындай түсті.

Полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қуашбаев жеке құрамды мерекемен құттықтап, Республика күнінің тарихи маңызын атап өтті. Содай- ақ мерекеге орай бөлімнің үздік қызметкерлері алғыс хаттармен және ведомстволық марапаттармен марапатталды.

Шара соңында жеке құрам Туға құрмет көрсетіп, Отанға адал қызмет ету антына деген сенімін тағы бір мәрте бекемдеді.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Енді елімізде құқығы сақталмаған мүмкіндігі шектеулі адамдар БҰҰ-ға шағым түсіре алады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.…
Толығырақ

Түркістанда «Қауіпті жүргізуші» акциясы аясында жол қауіпсіздігі шаралары жүргізілуде

Түркістан қаласында «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Полиция қызметкерлері…