Түркістан облысында 30-дан астам тіркелмеген қару тәркіленді

Республикалық «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Түркістан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері тіркелмеген 37 қаруды тәркіледі. Оның ішінде 27 тегіс ұңғылы қару, 6 газ тапаншасы, 3 шолақ және 1 травматикалық тапанша, сондай-ақ түрлі калибрлі 50 оқ-дәрі бар.

Мәселен Төлеби ауданында полицейлер жергілікті тұрғыннан тиісті құжаттары жоқ аңшылық шолақ мылтықты анықтады. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді. Тіркелген дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар іс-шара барысында тәртіп сақшылары қаруды сақтау ережелерін бұзудың 30-дан астам фактісін анықтады.

Полицейлер құқық бұзған азаматтарға тиісті шара қолданды. Тәртіп сақшылары қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталғанын іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Құныққан аңшылар құрықталды

Түркістан облысында полицейлер заңсыз аң аулаған күдіктілерді құрықтады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. «Созақ аудандық…
Толығырақ

АДВОКАТ БОЛУ АРДЫҢ ІСІ

Адам құқын қорғау. Адвокаттың басты мақсаты — осы. Сол себепті бұл мамандық иелеріне деген сұраныс та, құрмет те…
Толығырақ

Полиция қылмысты азайтты

«Полиция қызметінің нәтижесі-қылмыстар 25%-ға азайды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті…