Түркістан облысында полиция экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде және ішкі істер министрлігінің тапсырмасы бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері экстремизмнің алдын алу және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында полицейлер діни әдебиеттер мен діни заттарды сатумен айналысатын облыс орталығының сауда орындарына арнайы барды. Онда сатушыларға заңнама нормаларын түсіндіріп, діни өнімді өткізу ережелері туралы ескертті. Тәртіп сақшылары діни әдебиеттерді, ақпараттық материалдарды, сондай-ақ діни мақсаттағы заттарды сатуға тек ғибадат орындарында, діни білім беру ұйымдарында және осы үшін арнайы бөлінген орындарда ғана рұқсат етілетінін атап өтті.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері тұрғындармен қоғамдық орындарда және мешіттерде кездесулер өткізіп, заңды сақтау керегін, оның ішінде интернет және әлеуметтік желілер арқылы жасалған құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылғанын жеткізді.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы өкілдерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыруға, полицияға деген сенімді нығайтуға және құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға ықпал етеді.

Х.Абар.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

300-ге жуық студентке «Нашақорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Кентау көпсалалы колледжінде» студенттердің қатысуымен «Нашақорлық және құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу…
Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛАДЫ

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша елімізде жыл сайын Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында «Бірыңғай…
Толығырақ

Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен семинар өтті

Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен “Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу” тақырыбында ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік семинар жалғасын тапты. Іс-шара…