Түркістан қаласында жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыруға бағытталған кездесу өтті

Түркістан қаласындағы №33 жалпы орта мектепте полиция қызметкерлерінің қатысуымен оқушылармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, сондай-ақ оқушыларды жауапкершілік пен еңбексүйгіштікке баулу болды.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен түсіндіріп, күнделікті өмірде заң талаптарын сақтаудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар киберқауіпсіздік, жол қозғалысы ережелері және бөтен адамдармен қарым-қатынас кезіндегі сақтық шаралары жөнінде нақты мысалдар келтіріп, пайдалы кеңестер берілді.

Шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен нақты жауаптар алды. Кездесу ашық диалог түрінде өтіп, жылы әрі достық атмосферада жалғасты. Осындай іс-шаралар жас буынның құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, олардың бойында тәртіпке, жауапкершілікке және отансүйгіштікке деген құрмет сезімін қалыптастырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

СТУДЕНТТЕР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ

Түркістан қаласындағы жоғары көпсалалы колледжде студенттерге арналған «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дәріс өтті. Бұл туралы Түркістан облысы ПД…

Табиғатты қорғау міндетіміз

Түркістан облысы аумағында 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізіледі. Шараның негізгі мақсаты…