Мақтаарал ауданында интернет алаяқтықтың алдын алу шарасы өтті

Мақтаарал ауданының Атакент кентіндегі орталық ауруханада аудандық полиция бөлімі қызметкерлері интернет алаяқтықтың түрлері мен жасалу тәсілдері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында мамандар тұрғындарға киберқылмыстардың алдын алу, жеке деректерді қорғау және күмәнді сілтемелер мен сайттарға кірмеу қажеттігі жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар нақты мысалдар келтіре отырып, интернет кеңістігінде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығы түсіндірілді.

Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың интернеттегі қауіпсіздігін арттыру, кибералаяқтықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын көтеру болды. Осындай профилактикалық жұмыстар тұрғындардың сақтық мәдениетін қалыптастыруға және қылмыстың алдын алуға оң әсерін тигізеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Қызмет пен спортты қатар қойған шенді ару

Түркістан облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағындағы әрбір қызметкер өзінің қырағылы мен жұмысқа деген жауапкершілігі бойынша ерекшеленеді.…
Толығырақ

Профилактикалық іс шара жалғасуда

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік мәдениетін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу…