«Халықтық заңгер»: полиция басшылығы тұрғындарды қабылдады

Қазақстандықтар мемлекеттік органдар мен белгілі заңгерлерден тегін кеңес ала алады. Бұл жалпыұлттық акцияға Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары А.Бейсенбаев бастаған басшы құрамда өз үлестерін қосып, тұрғындардың мәселелерін қарап, құқықтық кеңес беруге бекітілді.

Полиция басшылығы Түркістан қаласындағы халық көп шоғырланатын бес орында азаматтарды қабылдады. Мұнда тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан кәсіби кеңес алды.

Яғни күні бойы полицейлер азаматтардың өтініштері мен талап-тілектерін тыңдап, толық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Халық үшін қолайлы іс-шарада тұрғындар алдын ала жазылмайды, кезек күтпейді.

Ал халыққа жақын болуды басты мақсат санаған тәртіп сақшыларына жұртшылық сенім білдіріп, қызметтеріне алғыс айтты.

Іс-шараның басты мақсаты-халыққа жақын болу және оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға көмек көрсету. «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету шеңберінде халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайтуға және халықпен кері байланысты қамтамасыз етуге бағытталған осындай іс-шаралар Түркістан облысының барлық аудандарында өтуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түлкібас ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ауқымды іс-шара өткізілді

«Түлкібас ауданы полиция бөлімінің Қылмыстық қудалау бөлімі, Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және ювеналдық полиция тобының қызметкерлері Түлкібас…

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірі жариялаған «Профилактика жылы: полиция Заң мен тәртіпті күзетуде» қағидатын іске асыру, қызмет көрсетілетін…