Бұл қызметке әркімнің келу тарихы әр түрлі. Бірі әке жолын қуса, енді бірі үлкендердің кеңесін тыңдаған. Бірақ бәріне де ортақ бір міндет – адамдарға қорған болу.
Қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, жәбір көрген жанға көмек көрсетіп, қылмыскерді ұстау. Қазіргі полицейлердің қай-қайсысы да мұны бала кезден армандаған. Батыр болуға ұмтылған.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Түлкібас аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Гүлбану Есенқұлова да кішкентайынан әділдікке құмар болған. Теледидардан форма киген полиция қызметкерлерін көргенде, нағыз батырларды елестеткен. Сол кезден бастап осы салаға қызығушылығы оянған.
Полиция капитаны Г.Есенқұлова: «Бұл оңай жол емес. Бірақ қиындықтан қорқатын болсам, бұл мамандыққа келмес едім. Қыз бала да қоғамның қауіпсіздігіне үлес қоса алады деп есептеймін. Әйел адамның сабырлылығы мен жанашырлығы кей жағдайларда өте қажет. Басты мақсатым — жастарға үлгі болатындай, адал әрі жауапты полиция қызметкері болу. Халықтың сенімін ақтау. Себебі біз –қоғамның қорғанымыз. Әрбір әрекетіміз заң мен әділдікке сай болуы керек!»-деп, полиция болудағы мақсатын айқын жеткізді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі