«Қазақ тілі» өлеңі арқылы анасына құрмет көрсеткен жас полицей

Түркістан облысы Түлкібас ауданының зорлық-зомбылықпен күрес тобында қызмет атқаратын полиция лейтенанты Нұрсұлтан Әсетұлы Төрехан, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын дәріптеуге өз үлесін қосты.

Жас полицей қысқа ғана ғұмырында ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасқан мұра қалдырған терең ойшыл Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қазақ тілі» өлеңін жатқа оқыды. Шығарманы жүрекпен сезініп, анасына құрмет көрсетті.

Полиция лейтенанты Н.Әсетұлы: «Публицист С.Торайғыровтың өте құнды әдеби мұрасымен таныстым. Ол қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып, одан әрі жалғастырғанын сезіндім. Ел үшін қызмет еткен ағаларымыздың шығармашылығы ешқашан ұмытылмақ емес»-деп атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Полицейлер түнгі рейд жүргізді

«Полицейлер кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында іс-шара өткізді» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Полицейлер…
Толығырақ

ӘКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАСТЫРҒАН САҚШЫ АРУ

Ордабасы өңірінің тумасы Жақсылық Нұршат Нұрланқызы – тәртіп сақшысы болуды бала кезінен армандаған жан. Бүгінде ол Төлеби аудандық…
Толығырақ

Түлкібас ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ауқымды іс-шара өткізілді

«Түлкібас ауданы полиция бөлімінің Қылмыстық қудалау бөлімі, Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және ювеналдық полиция тобының қызметкерлері Түлкібас…