Полиция «Қарасора-2025» іс-шарасының қорытындысымен 900 келіге жуық есірткі тәркіледі

«Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Арун-Рашидұлы Бейсенбаев брифинг барысында «Қарасора-2025» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады» деп хабарлайды habarlike.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

мен 31 қазан аралығында өткен іс-шара кезінде облыс аумағында 238 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде:

  • есірткі сату – 23 дерек,
  • аса ірі көлемде сақтау – 9 дерек,
  • есірткі фитозертханасының жұмысы – 2 дерек,
  • есірткіні жарнамалау – 1 дерек.

Нәтижесінде 871 келіден астам түрлі есірткі заты заңсыз айналымнан алынды.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз егудің 62 дерегін анықтап, жолын кесті. Есірткімен байланысты ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты 2 дерек тіркеліп, облыстың 4 азаматы қамауға алынды.

Есірткі тасымалдау арналарына тосқауыл қою мақсатында Қызылорда облысымен шекаралас аумақта «Сауран», ал Жамбыл облысымен шекарада «Шақпақ баба» шеп бекеттері ұйымдастырылды. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 13 есірткі тасымалдаушы ұсталып, 40 келіден астам есірткі тәркіленді.

Тікұшақпен жүргізілген барлау нәтижесінде 3 есірткі алқабы табылды. Ал Созақ ауданының таулы аймағында есірткі егудің ірі плантациясы анықталып, 3181 түп есірткі өсімдігі мен қару тәркіленді.

Жалпы іс-шара барысында есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 86 тұлға қамауға алынды.

Брифинг соңында полиция басшысы Арман Бейсенбаев:

«Есірткі бизнесімен айналысқандар заң алдында қатаң жауапкершілікке тартылады. Мұндай қылмыс үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деп атап өтті.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, интернет алаяқтықтың, нашақорлықтың, жолда жүру ережелерін бұзудың, сондай-ақ буллинг…