Полиция жол ережесін бұзған 150-ге тарта жүргізушіні жауапқа тартты

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен жол апаттарының алдын алу бағытында аптаның демалыс күндері бір нүктелік рейд өткізіліп отырады. Кезекті профилактикалық шара Арыс, Отырар, Ордабасы, Бәйдібек, Төлеби және Сайрам аудандарында ұйымдастырылды.

Тәртіп сақшылары жол ережесін бұзған, қауіпсіздік белдігін тақпаған, қарсы қозғалыс жолағына шыққан, жылдамдықты шамадан тыс асырған көлік иелерін жауапқа тартып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Полицейлер жүргізген жедел шаралардың нәтижесінде жол саласы бойынша 147 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 29 автокөлік айыптұраққа қойылды.

“Заң мен тәртіп” қағидаты аясындағы шаралар одан әрі жалғасады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Зиянды әдеттен аулақ бол!

Полицияның бастамасымен нашақорлықтың алдын алу форумы ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. «Шардара полициясының ұйымдастыруымен…