«Өмір жылдамдықтан қымбат»: Түркістанда полицейлер жол қауіпсіздігі апталығын өткізуде

Дүниежүзілік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күніне орай 10–16 қараша аралығында Түркістан облысында «Жол қауіпсіздігі апталығы» акциясы өтуде.

Осыған орай Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Нұрғиса Амангелді Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы орта мектебінің 8–11 сынып оқушыларымен «Еске алу және қауіпсіздік жолы» тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шара барысында оқушыларға жолда жүру ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескерту парақшалары таратылды. Сондай-ақ «Есте сақта және ойлан» бейнеролигі көрсетілді.

Кездесуде оқушылар жол қозғалысы қауіпсіздігінің маңыздылығын түсініп, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Іс-шараның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Апталық аясында полицейлермен жол тәртібіне қатысты басқа да профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары өтті

Мақтаарал ауданындағы Агроколледжде студенттермен ерте жүктіліктің, жыныстық жолмен берілетін аурулардың және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.…