Жастар арасында құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу мақсатында шахмат біріншілігі өтті

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Созақ аудандық полиция бөлімі мен «Сағындық» шахмат клубының ұйымдастыруымен жастар арасында құқық бұзушылықтың және нашақорлықтың алдын алу мақсатында дәстүрлі облыстық квалификациялық ашық шахмат біріншілігі өткізілді. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара Сызған ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектепте ұйымдастырылып, жасөспірімдерді спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау және құқықтық мәдениетті арттыруды көздеді.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан қатысушылар Созақ аудандық полиция бөлімі бастығының атынан грамоталармен және медальдармен марапатталды.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Алаяққа алданып қалмаңыз!

Түркістан Облысының Полиция Департаменті Алаяққа алданып қалмаңыз! 5 негізгі ереже Қазіргі заманда алаяқтық белең алып тұр. Кез келген…

Заң мен тәртіп ортақ ұғым

Төлеби ауданында оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң және Тәртіп» тақырыбында кездесу өтті.…