250 сала қызметкеріне интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Мақтаарал полициясы мен прокуратурасының ұйымдастыруымен “Интернет алаяқтықтан сақ болайық!” атты кеңейтілген жиын өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров, прокурор Амангелді Нақыпбеков, полиция бөлімі бастығының м.а. Ержан Жылқыбаев, округ әкімдері, мектеп директорлары мен Мырзакент орталық ауруханасының бас дәрігері қатысты» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Жиынға түрлі саладан жиналған 250-ге жуық қызметкер қатысты. Шара барысында полиция бөлім бастығының міндетін атқарушы, прокурор мен Халық банк бөлімшесінің бастығы баяндама жасап, интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең тараған түрлерін түсіндірді.

Сонымен қатар тұрғындарды киберқылмыстардан сақтандырудың тиімді тәсілдері мен жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары талқыланды.

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен интернет алаяқтықтың алдын алу бағытындағы мұндай шаралар жалғасын табады.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

АТА-АНАЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

 Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық еткен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы…
Толығырақ

Ашықтық – сенім бастауы

Соңғы уақытта сот жүйесіне енгізіліп жатқан жаңалықтар жұртшылықтың бұл салаға деген сенімін күшейтіп келеді. Соның бір мысалы ретінде…