Сотқа құрметтемеушілік көрсеткен тұлғаға ескерту жасады

Түркістан облысының кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігінде көзделген сотқа құрметтемеушілік білдіру дерегі бойынша Е.-ге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Аталған бапқа сәйкес, сотқа құрметтемеушілік жасаған тұлғаға ескерту жасау, немесе 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу, не 20 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қарастырылған.

Іс материалдарына сәйкес, Е. кәмелет жасқа толмаған баласының заңды өкілі бола тұра, 2025 жылғы 15 қазан күні сағат 11:20-ға тағайындалған қылмыстық іс бойынша сот отырысына 50 минутқа кешігіп келген.

Сотта, Е. кешігуінің себебін денсаулығының күрт нашарлауымен түсіндіріп, сот отырысына уақытылы келе алмағаны үшін өкініш білдірді. Сонымен қатар, ол сотқа немесе сот отырысының хатшысына алдын ала хабарламағанын мойындады.

Сот, Е.-нің кінәсін мойындап, шын жүректен өкініш білдіруін, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты объективті себептердің болғанын ескере отырып, оған ескерту түріндегі жаза тағайындады.

Қаулы 28.10.2025 жылы заңды күшіне енді.

Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Мақтаарал ауданында Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы аталып өтті

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастамасымен және Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35…