Толеранттылық – бейбіт қоғамның негізі

Бейбітшілік пен келісім – әрбір елдің ең қымбат құндылығы. Қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығы адамдардың бір-біріне құрметпен қарауы мен түсіністік танытуына тікелей байланысты. Осындай өзара сыйластық пен сабырлылықтың негізінде қалыптасатын қасиетті ұғым – толеранттылық. Бұл ұғым қазіргі Қазақстан қоғамы үшін ерекше мәнге ие. Себебі елімізде әртүрлі ұлт пен дін өкілдері бір шаңырақ астында татулықта өмір сүріп келеді. Осы үйлесімділіктің сақталуы мен нығаюы – толеранттылық мәдениетінің нақты көрінісі.

«Толеранттылық» сөзі латын тілінен аударғанда «шыдамдылық, төзімділік» деген мағынаны білдіреді. Бұл – өзгелердің көзқарасын, сенімін, дәстүрін құрметтеу, өз пікіріңді ұстанғанмен, өзгенің дүниетанымына құрметпен қарау қабілеті. Толеранттылық – қоғамдағы бейбіт өмір мен тұрақтылықты қамтамасыз ететін басты адамгершілік құндылықтың бірі.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуды мемлекеттік саясаттың маңызды бағытына айналдырды. Бүгінде елімізде 130-дан астам этнос пен 18 діни конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын берік ұстануы мен өзара құрметке негізделген саясатының жемісі. Толеранттылықты сақтау мен дамыту ісінде жастардың рөлі ерекше. Себебі қазіргі буын – ертеңгі қоғамның бейнесі. Жастар арасында өзара құрмет, мейірім мен түсіністік мәдениетін қалыптастыру – рухани қауіпсіздіктің басты тетігі. Білім беру мекемелерінде, жастар ұйымдарында, мешіттер мен қоғамдық орталықтарда ағартушылық іс-шаралар жүргізілуі осы мақсатқа қызмет етеді. Төзімділік пен келісім бар жерде шығармашылық, ынтымақ және даму бар. Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі – осы толеранттылық мәдениетінің нақты көрінісі. Ассамблея этносаралық және дінаралық келісімді нығайтуда ерекше миссия атқарып келеді.

Татулық – адам мен қоғамның ең асыл қасиеттерінің бірі. Адамзат тарихына көз жүгіртсек, елдің қуаты да, берекесі де – бірлікте екенін көреміз. Қазақ халқы ежелден «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Татулық – байлық» деп, ынтымақ пен достықты ту еткен.

Қоғамдағы татулық – жай ғана сөз емес, ол өзара түсіністік, сабыр және сыйластықтың көрінісі. Әрбір адамның ішкі мәдениеті мен рухани деңгейі оның өзгелерге деген қарым-қатынасынан байқалады. Татулықтың тамыры отбасынан басталып, ауыл мен қала, ел мен мемлекет деңгейінде жалғасады.

Дін тұрғысынан да алатын болсақ, толеранттылық – сабырлылықтың және әділдіктің көрінісі.

Ислам діні адамды өзгелерге құрметпен қарауға, әділ болуға, ешкімге зұлымдық жасамауға шақырады.Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ (с.а.с) түрлі дін өкілдеріне әділдікпен қарап, ешкімге сенімі үшін қиянат жасамаған. Ол өз қоғамында мұсылман, христиан, иудей сияқты қауымдардың тату өмір сүруіне жағдай жасаған.

Діни толеранттылық – бұл тек сабыр мен шыдам емес, ол – адамгершілік пен имандылықтың көрінісі.

Әр дін – адамзатты ізгілікке шақырады. Сондықтан өзге сенім иелеріне құрметпен қарап, ортақ құндылық – бейбіт өмірді сақтау – әрбір азаматтың міндеті.

Қорыта айтқанда, толеранттылық – жай ғана төзімділік емес, ол – бейбітшілік пен тұрақтылыққа бастайтын өмір салты. Әр азамат толеранттылық қағидаттарын ұстана отырып, қоғамның рухани келісіміне, елдің өркендеуіне өз үлесін қосуы тиіс. Бейбіт өмір мен өзара сыйластық – мемлекет дамуының ең берік іргетасы.

Қайсар Мырзабай.

Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу» орталығының теолог маманы.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Экология департаменті қызметкерлеріне АТТ жұмыстары жүргізілді Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Деструктивті діни ағым алдын алу» тақырыбында жалпы кездесу өткізілді. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім маманы Дүйсен Асхат Өмірзақұлы қатысты. Іс-шара барысында мамандар еліміздегі діни жағдай, діни экстремизм мен терроризм қаупі, деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны, дәстүрлі исламның қазіргі кездегі пайда болып жатырған теріс діни ағымдардан айырмашылығын туралы мәлімет бере отырып, қатысушыларға өзін және жақындарын теріс діни ағымдар шырмауынан алшақ болу үшін сыни ойлау қабілетін дамыту және дұрыс тәрбие бере білу керектігі түсіндірілді. Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы мамандар тарапынан толыққанды жауап берілді.

Түркістан облысы бойынша экология департаменті қызметкерлеріне АТТ жұмыстары жүргізілді. Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Деструктивті діни ағым…