Жасанды Интеллект — құқықтық кеңесшісі туралы жадынамалар таратылды

Ағымдағы жылдың 28-қазан күні Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес Түркістан облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Н.Ербекешов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкері А.Кененбай және Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру бақылау басқармасының қызметкері М.Ермахан «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттерімен «Қаржылық алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жастарға әділдік пен тәртіптің қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық түсініктерді меңгерту.

Кездесу барысында қаржылық алаяқтықтан қорғану туралы мағлұматтар айтылып, студенттердің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар, Жаңа цифрлық қызмет: Жасанды Интеллект — құқықтық кеңесшісі туралы жадынамалар таратылды.

П.Асан.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Отбасы құндылықтары насихатталды

Бәйдібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылғы 4 қазандағы №936 хатына сәйкес «Шаян»мектеп-лицей» КММ-де 06.10.2025ж…
Толығырақ

ӘКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАСТЫРҒАН САҚШЫ АРУ

Ордабасы өңірінің тумасы Жақсылық Нұршат Нұрланқызы – тәртіп сақшысы болуды бала кезінен армандаған жан. Бүгінде ол Төлеби аудандық…