Құқық бұзушылықтың жолын кескен

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша полицейлер 300-ге жуық құқық бұзушылықтың жолын кескен.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы екі күнінде Сарыағаш аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жалпы 278 құқық бұзушылықтың жолын кесті.

Іс-шара барысында көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, қауіпсіздік белбеуін тақпау, жаяу жүргіншілерге жол бермеу, сондай-ақ тас жолды белгіленбеген жерден кесіп өту деректері бойынша әкімшілік шаралар көрілді» деп хабарлайды облыс ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар мас күйінде көлік басқарған 2 жүргізуші анықталды. Олар 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ қарсы бағытқа шыққан 3 жүргізушіге қатысты іс-құжаттары жинақталып, мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Р. Аидын.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Ұрлық түбі – қорлық

Полицейлер мал ұрлығының алдын алу жұмыстарын қарқынды түрде атқаруда. «Кентау қаласы аумағында мал ұрлығынның алдын алу және жедел…
Толығырақ

Ұлттық жобаның іске асырылу барысы таныстырылды

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің…