ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАТЫСЫ БАР 4 МЫҢНАН АСТАМ КОНТЕНТ БҰҒАТТАЛҒАН

Түркістан облысында биыл 10 айдың қорытындысы бойынша 661 интернет-алаяқтық қылмыс тіркелді. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Ералыұлы мәлімдеді.

“Түркістан облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің жыл басынан бері жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бірнеше қылмыстық істерге қатысы бар 38 күдікті құрықталды. Олар азаматтарға жалпы сомасы 70 миллион теңгеден астам залал келтірген. Сонымен қатар, Астана қаласында орналасқан 68 дроптан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. “Антифрод-орталық” жүйесі арқылы биыл күдік келтіретін 1 288 тұлғаның есеп шоттарын бұғаттауға арнайы органдарға ұсыныс жолданды. Полиция Департаменті және Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті арасында жасалған меморандум аясында «Кибернадзор» жүйесі арқылы – 4 300 құқыққа қайшы контенттер бұғатталды. Одан бөлек, полиция қызметкерлері 4 000-нан астам оқушыға және 500-ге жуық педагогқа қаржылық қауіпсіздік және интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша дәрістер өткізді”-деді спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Прокуратура ашық есік күнін өткізді

Қазығұрт ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен пробациялық есепте тұрған сотталғандармен ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – пробациялық бақылауда…
Толығырақ

Сот саласына қойылар талап та жоғары

Ата Заңымыздың 76-бабында «сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады» деп көрсетілсе, 77-бапта: «Судья сот төрелігін іске асыру…