156 әкімшілік шара көрілді

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі Кентау қаласында жол қауіпсіздігіне бағытталған шаралар күшейтілгенін хабарлайды.

«Жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында Кентау қаласында “Қауіпсіз жол” алдын алу іс-шарасы өткізілуде» делінген баспасөз хабарламасында.

Шара барысында қаланың негізгі көшелерінде және оған қарасты елді мекендерде рейдтік тексерістер ұйымдастырылып, жол қозғалысын қадағалау күшейтілді. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін “жол тарылту” әдісі қолданылып, жүргізушілерге арнайы ақпараттық брошюралар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар қалаішілік және қала-аудан бағытында жолаушы тасымалымен айналысатын жүргізушілермен де профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігі ескертілді.

Осы тұста жалпы 156 әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде 2 жүргізушіге мас күйінде көлік басқарғаны үшін, қарама-қарсы жолаққа шыққан 1 жүргізушіге шара қолданылып, 12 көлік айыптұраққа қойылған.

П.Мырза.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Сот шешімінің күшін жойды

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы борышкердің жүргізуші куәлігін қолданылуын тоқтату туралы бірінші сатыдағы сот шешімінің…
Толығырақ

Алаяқтар 1414 нөмірімен хабарласса..

Көпшілігіміз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына тиесілі SMS-ке  сенеміз. Осы аңқаулығымызды алаяқтар  пайдаланып кетпей ме? qarzhylyq_sauat-тың сұрақтарына жауап…