«Отбасы – бақыт мекені» семинар-тренингі өтті

Шолаққорған ауылында «Отбасын қолдау орталығы» КММ және Жастар ресурстық орталығының бірлесуімен «Отбасы – бақыт мекені» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинарға «Отбасын қолдау орталығының» мамандары мен психологтары қатысып, келесі бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шарада мамандар жаңа заңнамалық өзгерістер туралы ақпарат беріп, зорлық-зомбылықтың алдын алу тетіктерін түсіндірді. Психологтар тренинг өткізіп, ойын элементтері арқылы отбасы құндылықтарының маңызын жеткізді.

Іс-шараға аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы Айжан Манапова және полиция аға лейтенанты Жәнерке Жұматова қатысты. Жиын Жастар ресурстық орталығының ғимаратында өтті.

Сондай-ақ шара соңында қатысушылар белсенділік танытып, пікірлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

А.Мамыр.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Полицейлер «Қауіпті жүргізуші» іс-шарасы барысында мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады

Түркістан облысы көлемінде «Қауіпті жүргізуші» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік…