Мақтаарал ауданында құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында бір нүктелік рейд өтті

Мақтаарал ауданы аумағында қылмыстың, құқықбұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында бір нүктелік алдын алу шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары «Учаске» және «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шараларына, сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына ерекше назар аударды. Сонымен қатар есепте тұрған азаматтардың тұрмыс жағдайлары мен олардың қоғамға қауіптілік деңгейін анықтау бағытында жұмыстар жүргізілді. Осы ретте 150-ге жуық есептегі тұлғаның тұрғылықты мекенжайы тексерілді.

Рейд кезінде жүргізушілер арасында да түсіндіру жұмыстары өткізіліп, жол қозғалысы ережелерінің маңыздылығы түсіндірілді. Нәтижесінде 80-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, оның ішінде жол тәртібін бұзған 45 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 11 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Полицейлер «Қауіпті жүргізуші» іс-шарасы барысында мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады

Түркістан облысы көлемінде «Қауіпті жүргізуші» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік…
Толығырақ

ӘКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАСТЫРҒАН САҚШЫ АРУ

Ордабасы өңірінің тумасы Жақсылық Нұршат Нұрланқызы – тәртіп сақшысы болуды бала кезінен армандаған жан. Бүгінде ол Төлеби аудандық…

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау назарға алынды

Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандар және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарға, сондай-ақ олардың профилактикасы жөніндегі…