Полицейлер жол ережесін бұзған той кортежін анықтады

«Түркістан облысында полицейлер жол ережесін бұзған той кортежін анықтады» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

«Түркістан облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ордабасы ауданы трассаларының бірінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған той кортежін анықтады. Жедел әрекет ету нәтижесінде тәртіп сақшылары құқық бұзушылардың жеке тұлғаларын анықтап, жауапкершілікке тартты» делінген баспасөз хабарламасында.

Toyota Land Cruiser, JAC, ВАЗ-2115 және ВАЗ-21099 маркалы көліктердің жүргізушілеріне жол-көлік оқиғасына әсер етуі мүмкін қауіпті жағдай туғызғаны, жол белгілерінің талаптарын орындамағаны және өзге көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасағаны үшін шаралар қолданылды.

Сондай-ақ құқық бұзушылардан «стробоскоп» құрылғысы тәркіленді. Оларға көлік құралдарына арнайы жарық және (немесе) дыбыс белгі беру құрылғыларын заңсыз орнату, сондай-ақ жедел және қызметтік автокөліктерге арналған түрлі түсті жарқылдауық құрылғысын заңсыз қолдану бойынша әкімшілік шаралар қабылданды. Көліктер арнайы айыптұраққа қойылды.

Полицейлер жүргізушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Тәртіп сақшылары азаматтарды жолда жауапты болып, заң талаптарын мүлтіксіз орындауға шақырады.

Ы.Ырыс.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Профилактикалық іс шара жалғасуда

Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздік мәдениетін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу…

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірі жариялаған «Профилактика жылы: полиция Заң мен тәртіпті күзетуде» қағидатын іске асыру, қызмет көрсетілетін…
Толығырақ

Бюрократиядан арылту бағыты түсіндірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мақсатында жүргізілген талдау мен мониторинг жұмыстарының…