Флешмоб: Гендерлік зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Елімізде жыл сайын өтетін «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында Созақ ауданы полиция бөлімінің Қылмыстық-құқық бұзушылықтың алдын алу тобының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы Айжан Манапова оқушыларға арналған түсіндіру шарасын ұйымдастырды.

Шара барысында мамандар оқушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның құқықтық салдары, қауіпсіздік шаралары және көмек алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Жасөспірімдерді өз құқықтарын білуге, қиын жағдайға тап болғанда уақытылы көмек сұрауға және зорлық-зомбылықты көрген адамдарға бей-жай қарамауға шақырды.

Акцияның жалғасы ретінде мектеп оқушылары арнайы флешмоб ұйымдастырып, зорлық-зомбылыққа қарсылық пен қауіпсіз қоғам құруға деген белсенді ұстанымдарын көрсетті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Прокурор активтерді қайтарды

Қазығұрт ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен жабдықтаудың жаңа жүйелері іске қосылды. «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске…
Толығырақ

Қазығұртта рейд жүргізілді

Түркістан облысында полиция құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізуде. Осы орайда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар…