Полиция 2 тәулікте 300 дана жаднама таратты

Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Қанат Рахышев облыс көлемінде жол көлік оқиғаларының алдын алу және құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында аудандарға қызметтік іссапармен шықты.

Полиция басшысы трассада жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 2 тәулік бойы жүргізілген шара барысында жол қозғалысы ережесі жазылған 300 дана жаднама таратылды.

Тәртіп сақшылары жол саласына қатысты 154 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 37 көлікті айыптұраққа жеткізді. Аталған бір нүктелік рейдтік жұмыстар аптаның демалыс күндері де жалғасады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Созақтағы жылдық есеп жиыны

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі Созақ аудандық полиция бөлімінде 2025 жылдың 12 айлық қызмет қорытындысына арналған жиналыс өткенін…

Прокурор мәжіліс өткізді

Апта басында Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандар және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарға, сондай-ақ олардың…