Құқықтық мемлекеттің дамуындағы тәртіптің рөлі түсіндірілді

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі Арыс ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттауға бағытталған кең ауқымды кездесу өткенін хабарлайды. Іс-шараға аудандық сотының төрағасы С.Умаров, прокурор Т.Әбдірахманов пен зиялы қауым өкілдері қатысқан кездесу жергілікті оқу орындарының студенттеріне арналған.

Шарада құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың заң талаптарын сақтау жауапкершілігі және құқықтық мемлекеттің дамуындағы тәртіптің рөлі кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар шарада студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын бұзудың салдары, қоғамдағы тәртіптің маңызы жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынылды. Қатысушылар қоғамдағы заңға құрмет мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.

Іс-шара соңында спикерлер жастарды өз әрекеттерінде заңдылық қағидаттарын басшылыққа алып, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға үлес қосуға шақырды.

Р. Оимақ.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts