БОРЫШКЕР ШАРАСЫНА 1500-ГЕ ЖУЫҚ ПОЛИЦЕЙ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

Түркістан облысының аумағында «Борышкер» профилактикалық іс-шарасы өтті. Жедел-профилактикалық іс-шараға 1500-ге жуық қызметкер жұмылдырылды. Нәтижесінде екі тәулік ішінде барлығы 2 293 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Бұл туралы

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Шара аясында полицейлер мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп мекенжайлық тексерістер жүргізіп, рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруды және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ерекше назар заң талаптарын жүйелі түрде орындамайтын және өз міндеттемелерін орындаудан жалтарған тұлғаларға аударылды.

Полицейлер өңір тұрғындарына әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеу және заң нормаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертіп, бұл мәжбүрлеп өндіру шараларын қолдану қаупін төмендетіп қана қоймай, құқықтық мәдениетті нығайтуға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал ететіндігін жеткізді.

П. Расул.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Азаматтық іс жүргізу қатынастары

Құқықтық қатынас – құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасып отыратын құқықтар және субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық…