ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінде жедел кеңес өтті.

Шараға Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасыныңның бастығы Қанат Рахишев, басшы орынбасары Есімхан Қожбанов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары Қуатбек Нұрбаев пен қала,аудандық полиция басқармаларының қызметкерлері қатысты.

Кеңестің негізгі мақсаты – республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы пайдалану кезеңіне дайындау, қар тазалауға арналған арнайы техникалардың әзірлігін және жолдарға себілетін инертті материалдардың жеткіліктілігін пысықтау.

Сонымен қатар жиында қыс мезгілінде ауа-райы күрт өзгеріп автожолдарға қалың қар жауып көк-тайғақтар орын алған жағдайда, мердігерлердің қар тазалауға арналған арнайы техникалық құралдарының үздіксіз жұмыс істелуін және инертті көк-тайғаққа қарсы материалдардың толықтығы қаралды.

Осы орайда Қуатбек Нұрбаев қазіргі таңда автомобиль жолдарын дер кезінде тазалап, көк тайғақтың алдын алу үшін қолданыста 88 бірлік техника мен 140 жұмысшы дайын екендігін жеткізді.

Құрметті Түркістан облысының қонақтары мен тұрғындары!

Қыс мезгілінің басталуына байланысты Полиция департаменті жолда өте мұқият болуға, белгіленген жерде жылдамдықты асырмауға, ауа-райының жағдайларын ескере отырып қауіпсіз қашықтықты және аралықты сақтауға шақырады!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

250 сала қызметкеріне интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Мақтаарал полициясы мен прокуратурасының ұйымдастыруымен “Интернет алаяқтықтан сақ болайық!” атты кеңейтілген жиын өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Нұрбол…
Толығырақ

Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен семинар өтті

Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен “Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу” тақырыбында ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік семинар жалғасын тапты. Іс-шара…

НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФЛЕШМОБ ӨТТІ

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында флешмоб ұйымдастырды.…