«Полицейлер кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында іс-шара өткізді» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Полицейлер Кентау қаласы аумағында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізген. Полиция бөлімі бастығының орынбасары Марат Қадыркұловтың жеке құрамға атқарылатын жұмыстар бойынша берген нұсқамасына сәйкес 7 компьютерлік клуб, 3 тойхана, ойын-сауық орындары мен жастар көп шоғырланатын аймақтар тексерілді.
Нәтижесінде түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз жүрген 14–17 жас аралығындағы 8 жасөспірім полиция басқармасына жеткізілді. Сондай-ақ ойын-сауық мекемесінде болған 1 жасөспірім анықталып, заңды өкіліне қатысты және компьютерлік клубқа «Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру» бойынша әкімшілік шара көрілді.
Тәртіп сақшылар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
П. Расул.