Полиция шетелдік студенттерге көші-қон заңнамасын таныстырды

Түркістан облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Аида Смағұл, Қ.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің шетелдік студенттерімен арнайы кездесіп, маңызды ақпарат берді. Яғни «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын кеңінен таныстырды.

Жиын барысында полиция подполковнигі Аида Смағұл: «Әрбір шетелдік азамат тіркелген мекенжайы бойынша, яғни визада немесе ресми көрсетілген мекенжайда міндетті түрде тұруы тиіс. Егер ол мекенжайда тұрмайтын болса, көші-қон талаптарын бұзғаны үшін тиісті шаралар қолданылады. Ал мекенжайы өзгерген жағдайда үш күн ішінде деканатқа хабар беруге міндетті», – деп атап өтті.

Шара барысында Қазақстанда білім алып жатқан шетелдік студенттердің құқықтары, көші-қон заңын сақтау тәртібі, уақытша тіркеу талаптары, ҚР аумағындағы тәртіп пен визаға қатысты мәселелер жан-жақты қарастырылды.

Жиын соңында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Оқу орнының Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу: «Студенттерімізді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету – маңызды міндеттердің бірі. Бүгін арнайы келіп, көші-қон жөнінде маңызды ақпарат ұсынғаны үшін полиция өкілдеріне алғыс білдіреміз!», – деді.

Айта кетсек, бұл университет – түркі дүниесінің жастарын бір шаңырақ астына біріктірген білім ордасы. Бұл жерде әлемнің 17 елінен келген 30-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бірге білім алуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Прокурор мәжіліс өткізді

Апта басында Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандар және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарға, сондай-ақ олардың…
Толығырақ

Полиция педагог пен ата-ананы кездестірді

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Шәкімнің басшылығымен өңірдегі білім беру саласының қызметкерлеріне арналған интернет алаяқтықтың…

Табиғатты қорғау міндетіміз

Түркістан облысы аумағында 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізіледі. Шараның негізгі мақсаты…