Төлеби ауданында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Қауіпті жүргізуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шараның алдында аудан прокурорының орынбасары О. Марин және полиция бөлімі бастығының орынбасары М. Сейдуалиев жеке құраммен кездесіп, жүргізушілер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау және қауіпсіздікті күшейту бағытындағы талаптарды түсіндірді.
Жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері атап өтіліп, қауіпті маневр жасау, қарсы бағытқа шығу, жылдамдықты асыру және мас күйінде көлік жүргізу сияқты заңбұзушылықтарға жол бермеу міндеті ерекше атап көрсетілді.
Іс-шараның алғашқы күнінде полицейлер 30-дан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін анықтады. Анықталған құқықбұзушылықтар бойынша 8 автокөлік айыптұраққа қойылып, тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.
Полиция жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі