Түркістан қаласының полиция басшысы профилактикалық шараның басында

Республикалық “Қауіпті жүргізуші” жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі бағытын Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Қаржаубайұлы Нысанбаев жеке қадағалап, өз бақылауына алды.

Басшы қызметкерлермен арнайы саптық жиын өткізіп, жол қауіпсіздігін арттыру, қызметтік тәртіп пен талаптарды күшейту, сондай-ақ рейдтік шаралардың тиімділігін жоғарылату жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Полиция бастығының тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған рейд нәтижесінде қарсы қозғалыс жолағына шығып қауіп төндірген 2 жүргізуші, көлікті міндетті сақтандырусыз басқарған 41 жүргізуші анықталып, тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар Жасұлан Қаржаубайұлының тапсырмасымен күшейтілген бақылау барысында “Қорғау” бағдарламасы арқылы берешегі бар автокөліктер іздестіріліп, айыптұраққа қойылды.

Түркістан қаласының полицейлері барлық жүргізушілерді жолда сақ жүруге, ережені қатаң сақтауға және өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістанда «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Түркістан облысы Полиция департаментінің тапсырмасына сәйкес Бәйдібек ауданында мереке қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.…
Толығырақ

Мақтаарал ауданында Республика күні және Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы аталып өтті

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастамасымен және Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35…