Полицейлер «Қауіпті жүргізуші» іс-шарасы барысында мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады

Түркістан облысы көлемінде «Қауіпті жүргізуші» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде. Мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шара барысында жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығу, маневр ережелерін бұзу және мас күйде көлік жүргізу фактілерін анықтады.
Мәселен тәртіп сақшылары Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентінде кешкі уақытта күдік тудырған автокөлікті тоқтатып, жүргізушінің масаң күде екенін анықтаған.
Көлік иесіне «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бабы бойынша әкімшілік шара көрілді.
Сонымен қатар «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы» бойынша 1 жайт тіркелген. Басқа да құқық бұзушылықтар бойынша 45 жайт анықталған. Полиция қызметкерлері барлық жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Азаматтық іс жүргізу қатынастары

Құқықтық қатынас – құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасып отыратын құқықтар және субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық…
Толығырақ

Алаяққа алданып қалмаңыз!

Түркістан Облысының Полиция Департаменті Алаяққа алданып қалмаңыз! 5 негізгі ереже Қазіргі заманда алаяқтық белең алып тұр. Кез келген…