Түркістанда жеке құрам арасында топтық ынтымақтастықты нығайту тренингі өткізілді

Сайрам ауданының полиция басқармасында психолог мамандардың қатысуымен жеке құрамға арналған психологиялық тренинг өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — қызметкерлер арасында лудомания мен алкогольді ішімдікке әуестіктің алдын алу, сондай-ақ эмоционалдық тұрақтылықты арттыру және күйзеліске қарсы тұру қабілеттерін дамыту.

Тренинг барысында мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түрлі практикалық жаттығулар арқылы қызметкерлердің көңіл-күйін көтеруге бағытталған сергіту сәттері мен топтық ойындар ұйымдастырылды.

Мұндай шаралар полиция қызметкерлерінің психологиялық ахуалын жақсартуға, ұжым ішіндегі ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты

“Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз” — алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты Полиция азаматтарды жаңа алаяқтық тәсілінен сақ болуға…

Заңмен белгіленген жауаптылық

Ата Заңның 76-бабының 3-тармағы және ҚР Азаматтық процестік кодексінің 21-бабына сәйкес соттардың шешімдері, үкімдері мен өзге қаулылары барлық…